USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түлкібаста әйел "мүгедектік рәсімдеймін" деп халықты алдаған

  • 11.августа.2020, 15:00,
  • 463

"Мүгедектікке шығарып беремін" деп түлкібастықтарды алдаған әйел ұсталды.

Түлкібас аудандық полицейлері "мүгедектікке шығарып беремін" деген желеумен бірнеше тұрғындардың ақшасын жымқырған күдікті әйелді ұстады. Нақтырақ айтсақ, өткен жылдың тамыз айында Түлкібас ауданының жергілікті тұрғынын танысы “мүгедектікке шығарып беремін” деп алдап, құжаттарымен бірге 200 мың теңгесін алып кеткен. Осы уақыт аралығында мүгедектікке шыға алмаған, ақшасын қайтара алмаған тұрғын сан соғып қалғанын түсініп, АПБ–не арызданып, полицияның көмегіне жүгінген. Осы секілді арыздарымен полицияға тағы да бірнеше тұрғындар шағым түсіріп, алаяқтың арбауына түскендерін жеткізді.

Аталған жайттар ҚР ҚК–нің 190-бабымен “Алаяқтық” тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп–тексеру жұмыстары жүргізілді. Аудандық полицейлердің кәсіби шеберлігінің, қырағылығының арқасында жоғарыдағы төрт бірдей жәбірленушілердің арызына орай шұғыл түрде іздестіру шаралары жасалды. Жедел іздестірудің нәтижесінде күдікті әйел тұрғылықты мекен–жайынан ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің төрт жәбірленуші әйелді алдап, жалпы көлемі 1 миллион теңгеге жуық қаржыны иемденгені белгілі болды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



#түлкібас #полиция #алдады #қылмыстыіс 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930