USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ваннада босанып қалған астаналық келіншек баласын тұншықтырып өлтірген

  • 08.ақпан.2021, 18:12,
  • 298

Нұр-Сұлтанда жаңа туған сәбиді буындырып өлтірген әйелге қатысты сот үкім шығарды. 

Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарланғандай, былтыр 22 тамызда сотталушы пәтерінде бала туып, оны буындырып өлтірген.


Сот С.-ның іс-әрекеттерін босанғаннан кейін психологиялық қысымның салдарынан үрей жағдайында анасының жаңа туған баласын өлтіру (ҚР ҚК 100-бабы) деп бағалады, өйткені ол ванна бөлмесінде өз-өзін босандырған, ал бұл кезде келесі бөлмеде ағасы, жеңгесі мен шешесі болған. Бұл жағдай сот-психологиялық және психиатриялық сараптаманың қорытындысымен және сарапшының айғақтарымен расталды, - дейді сот.


Сотталушының орташа ауырлықтағы қылмыс жасағанын, өкінгенін, сондай-ақ оның денсаулық жағдайын (қант диабеті 1 дәрежелі, семіздік - 140 келі) ескере отырып, сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу тұрғысында жаза тағайындады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабына сәйкес, 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Жеңілдететін мән-жайлар болған кезде сот ең көп мерзімінің жартысынан көбін, яғни 2 жылдан астам мерзімге жаза тағайындай алады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


#перзент #сәби #өлім #сот #жаза #үкім 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930