Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарланғандай, былтыр 22 тамызда сотталушы пәтерінде бала туып, оны буындырып өлтірген.
Сот С.-ның іс-әрекеттерін босанғаннан кейін психологиялық қысымның салдарынан үрей жағдайында анасының жаңа туған баласын өлтіру (ҚР ҚК 100-бабы) деп бағалады, өйткені ол ванна бөлмесінде өз-өзін босандырған, ал бұл кезде келесі бөлмеде ағасы, жеңгесі мен шешесі болған. Бұл жағдай сот-психологиялық және психиатриялық сараптаманың қорытындысымен және сарапшының айғақтарымен расталды, - дейді сот.
Сотталушының орташа ауырлықтағы қылмыс жасағанын, өкінгенін, сондай-ақ оның денсаулық жағдайын (қант диабеті 1 дәрежелі, семіздік - 140 келі) ескере отырып, сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу тұрғысында жаза тағайындады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабына сәйкес, 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Жеңілдететін мән-жайлар болған кезде сот ең көп мерзімінің жартысынан көбін, яғни 2 жылдан астам мерзімге жаза тағайындай алады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
#перзент #сәби #өлім #сот #жаза #үкім