15 қараша күні сағат 17.00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөліміне жедел жәрдем дәрігерлерінен қаланың саяжай қауымдастығының бірінде жануарлардың тісінің ізі бар 6 жасар қыз баланың өлімін тіркегені туралы хабарлама келіп түсті.
Тергеу-жедел тобы бірден оқиға орнына жетті.
Тәртіп сақшылары жәбірленуші қыздың ата-анасымен саяжай қауымдастығына қарасты үйлердің бірінде тұрғанын анықтады. Ересектердің қарауынсыз болған қыз иттердің қоршауында қалған.
- Қайғылы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар тексеріліп жатыр. Полиция ата-ананы жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде. Иттерді аулау бойынша тиісті ветеринариялық қызметтерге бұйрық жіберілді, деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
#ит #қаңғыбасит #бала #талады #өлім #қылмыс #ветеринария #қарағанды