Қайғылы оқиға иесіз қалған құрылыс аумағында болды. Ойнап жүрген үш баланың бірінің үстіне бетонды биік қоршау құлап кеткен. Салдарынан 2007 жылы туған ер бала оқиға орнында ажал құшты.
Қазіргі таңда құзырлы органдар оқиға себептерін анықтауда.
«Аталмыш дерек тіркеуге алынды. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.