USD 541.18
EUR 636.05
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері қызды алып қашудан құтқарды

  • 11.августа.2020, 10:00,
  • 507

Полиция қызметкерлері 18 жастағы қызды ұрлаудың алдын алды. Оқиға Саран қаласында болған. 

Polisia.kz ақпараты бойынша, оқиға 9 тамыз, жексенбі күні болған.  Полицияға қала маңындағы елді мекендердің бірінде 14-ке жуық белгісіз азамат 18 жастағы қызды еркінен тыс көлікке сүйреп кіргізіп, белгісіз бағытқа кеткені туралы хабар келіп түсті.

Ұрлаушының көлігіне іздеу жарияланды және көп ұзамай ұсталды. "Қалыңдықты" ұрлаушысы 23 жастағы жігіт болып шықты. Қыз ұсыныстан бас тартқан соң, оны күштеп әкетуге шешім қабылдаған.

Енді оған қатысты ҚР ҚК-нің 126-бабы "бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



#алыпқашу #ұрлау #қылмыстықіс #полиция #қарағанды #саран


скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930