USD 546.36
EUR 630.44
RUB 6.7
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

TikTok-тың кесірінен жараланды

  • 22.августа.2020, 16:00,
  • 610

Таразда TikTok-тың соңы төбелеске апарып, жасөспірім пышақталды. Өткен сенбіде 15 пен 17 жастағы жастар ара­сында жанжал туған. Оған жігіт пен қыздың қатысуымен түсір­ілген TikTok  видеосы түрткі болған. Алайда пышаққа ерегіскен екі жастың бірі емес, оларды ажыратпақ болған бала ұрынып отыр. 

Жалпы, облыстық Полиция департаменті берген ақпаратқа сүйенсек, жәбірленуші жанжалды шығарған баланың пышақ сіл­тегенін, одан кейін ол оқиға орны­нан қашып кеткенін айтқан. «Бұл факті Тараз қаласының полиция бөлімінде тіркеліп,  Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі, яғни «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы Тараз қаласының 15 жастағы тұрғынын ұстап, бол­ған оқиғаға қатысты барлық қа­жетті шараларды қабылдауда, соның нәтижесі бойынша алдын алу шарасын таңдау мәселесі ше­шілетін болады» делінген департамент хабарламасында. Алайда аталған балалар кім­дер? Пышақ­талған баланың қа­зіргі жағдайы қандай? Ұсталған баланың ата-анасымен қандай жұмыстар жүргізілуде? Бұл са­уалмен облыстық Білім бас­қармасына хабарластық.



#жараланды #тараз #қылмыс #tiktok 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031