USD 503.35
EUR 590.63
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Атырауда екі трансвестит жігіт ұсталды

  • 12.қараша.2020, 18:10,
  • 539

Олар Ақтөбеден келген. "Стоп трафик" профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері шамамен 20 шақты жеңіл жүрісті қыз анықталды.

11 қарашада учаскелік инспекторлар 25 пен 29 жас аралығындағы жеңіл жүрісті 13 қызды анықтады. Олар Атырауға Қызылорда, Ақтау, Шымкент қалаларынан келіп, Махамбет көшесіндегі, Азаттық даңғылындағы, сондай-ақ Привокзальный және Алмагүл ықшамаудандарындағы пәтерлерді жезөкшелікпен айналысу үшін жалға алған.

Кеше кешке полиция сексуалдық қызмет көрсетумен айналысқан ақтөбелік екі трансвестит жігітті ұстады.

Барлық қамауға алынғандарға қатысты 449-бап - "Қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттері бойынша" ескерту жасалып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жалға алынған пәтерлердің иелері туралы жиналған материалдар облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді. Жалпы, "Стоп трафик" профилактикалық іс-шарасы басталғалы бері шамамен 20 шақты жеңіл жүрісті қыз анықталды.



#рейд #жеделіздестіру #қылмыс #бұзушылық #атырау #ақтөбе 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031