USD 523.2
EUR 594.3
RUB 6.38
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтанда қыздар тәнін 8 мыңға сатқан

  • 23.қазан.2020, 11:33,
  • 970

30 мың теңгеге тәнін сатуға дайын тұрған еркек жезөкшелер де ұсталды. 

Рейд барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 309 бабы, 1 бөлімінде көзделген қылмыс жасағаны үшін ("Жезөкшелік пен жеңгетайлық үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау"), 8000 мың теңгеге клиентке жезөкше қызды ұсынған әйел ұсталды.

Сондай-ақ, "Стоп-траффик" аясында Балқантау көшесіндегі сауна әкімшісі ұсталды. Ол өз өкілеттіктерін пайдаланып, 50 000 теңге сыйақы үшін клиентке секс қызмет көрсететін қыздарды әкеп берген. Сонымен қатар, пәтерлер мен коттедждерде массаж мен СПА салондары орнатылған. Боди массаж атын жамылған салондарда ашық түрде интим қызметтер көрсетілген. Интим ұсынатындардың арасында кәмелетке толмаған қыздар да болған. Ең сорақысы, 30 мың теңгеге тәнін сатқан еркек жезөкшелер де ұсталды.

Жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде ішкі істер органдарына 69 қыз бен 10 еркек жеткізілді. Олардың бәрі боди массаж мен жезөкшелікпен айналысқан. 11 жеңгетай ұсталды.
Пәтерлер мен коттедждерді жалға берген тұлғаларға айыппұл салынды.



#жезөкше #тәнінсатушылар #түңгікөбелектер #нұр-сұлтан #полиция #рейд 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930