USD 473.13
EUR 554.08
RUB 6.13
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

КТК телеарнасының журналистері ұсталды

  • 13.сәуір.2020, 10:30,
  • 613

Атырауда облыстық аурухана туралы шығарылым дайындау барысында КТК телеарнасының журналистері ұсталды. Бұл туралы редакция ұжымы мәлімдеді.

Оқиға 11 сәуір күні орын алды. Дәрігерлер айтуынша, оларды Махамбет ауданындағы бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің ғимаратына карантинге жібермекші. Дәрігерлер жиналған сұрақтар мен мәселелерді республикалық телеарна эфирінде айтпақ болған, өйткені олар өз басшылығынан нақты жауап ала алмаған. Оқиға орнына барған КТК-ның меншікті тілшісі Бекен Әлирахымов пен телеоператор Манас Шәріпов аурухананың ауласына кедергісіз кіріп, онда бір топ медицина қызметкерлері жиналған.



"Дәрігерлермен сұхбат жазылғаннан кейін оқиға орнына тағы бір полиция наряды келді. Дәрігерлер мен медбикелерді байқаған әріптестерінен айырмашылығы, келген учаскелік инспекторлар журналистермен тоғысты. Олар КТК қызметкерлері карантиндік аймаққа заңсыз кіріп, түсініктеме беру үшін полиция департаментіне баруы тиіс деп мәлімдеген. КТК қызметкерлері полицейлердің талаптарын мүлтіксіз орындады. Дәрігерлер мен медбикелер бұл ретте ашуланып, полиция қызметкерлерінен түсініктеме талап етті", - делінген мәлімдемеде.


Алайда тілшілердің айтуы бойынша, аймақтың карантин режимінде екендігін көрсететін еш белгі болған жоқ. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
30.03.2020
27.11.2019
08.10.2019
27.09.2019
22.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930