Оның тағайындалуы туралы ақпарат БАҚ-та жарияланды. Кейін Kozachkov offside Тelegram-каналында қызу талқыға түсті.
"Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жеті жасар баланы зорлауға байланысты оқиға естеріңізде ме? Соған криминалдық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Селтановтың қатысы болған. Сол кезде ол іске қатысы бар туысын - бала оқыған мектеп директорын, баланы алып барған аудандық аурухананың бас дәрігерін қорғау үшін істі жабуға тырысқан.
Оның бұйрығы бойынша мамандар бала мен әжесін Алматыға бара жатқан пойызынан күштеп түсірген. Кейін оқиға жалпақ жұртқа тарап, төбеге жеткен соң Селтанов жұмыстан шығарылды. Тіпті Елбасының өзі оқиғаға байланысты пікір білдірген. Бірақ полицейдің шені қайтарылған және ол жайлап Түркістан қаласы Полиция басқармасына бастық болып отырған.
Бұл адамды жазалаған қоғам мен ел басшылығының еркін министр Тұрғымбаев бұйрығы арқылы сызып тастады. Оның үстіне Селтанов Түркістан полициясына келгеннен кейін жемқорлық деректері көбейген. Қысқа қайырғанда, ғажап аймақ", - деп жазды Kozachkov offside каналының авторы.
#абай #зорлық #полицей #жаңалауазым #түркістан