USD 503.44
EUR 593.35
RUB 6.55
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтау тұрғындары педофил болуы мүмкін ер адамды ұстады

  • 30.июля.2020, 12:00,
  • 602


Ақтауда куәгерлер педофил болуы мүмкін ер адамды ұстады, - деп хабарлайды инАктау басылымы. 

Оқиға 29 шілдеде күндіз болған. Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлігі 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Осы жылдың 29 шілдесінде шамамен 13:00-де Ақтау қаласының полиция басқармасына белгісіз ер адам балалар алаңқайында ойнап жүрген баланы алып кетті деген хабарлама түсті. Әрі қарай ол баланы үйдің кіреберісіне кіргізіп, азғындық әрекет жасамақ болған. Оқиға орнына полиция наряды шықты. Тергеу шаралары кезінде күдікті ұсталды", - деп хабарлады полициядағылар.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызды алып кеткенде көршілері оны қорқытқан. Күдікті қашуға тырысқан, бірақ қыздың көршісі оны қуып жетіп, полиция наряды келгенше ұстап тұрған.



#ақтау #педофил 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728