USD 546.36
EUR 630.44
RUB 6.7
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ШҚО-да ер адам ауладан алып кеткен бала өлі табылды

  • 31.августа.2020, 16:43,
  • 542

29 тамызда кешке Зубовск ауылында жоғалып кеткен жеті жасар Эдуард Жилиев өлі табылды. 

Басылымдағы ақпарат бойынша, алдымен бұл мәлімет әлеуметтік желілерде пайда болған. Ауыл әкімі Владимир Морозов мұны растады. 

Кейінірек полиция өкілдері пікір білдірді.

Баланың денесі ауыл маңында табылғаны және зорлық-зомбылық белгілері бар екені хабарланды. Тәртіп сақшылары баланы соңғы рет көрген 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

"Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады, ол Алтай ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Еске салайық, кеше түн ортасында полицияға жеті жастағы баланың аулада жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы хабарласқан. Анасының айтуынша, бала әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен



#бала #зорлық #қылмыс #шқо #полиция 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031