USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әйел балаларын бұрынғы күйеуінен күштеп алып кетпек болған

  • 05.қазан.2020, 14:19,
  • 669

Маңғыстауда анасы балаларын бұрынғы күйеуінен күштеп алып кетуге тырысқан.

Қазнетте белгісіз әйелдің бұрынғы күйеуінің үйінен балаларын алып кетуге тырысқаны түсірілген видео тарап жатыр. Ажырасқаннан кейін сот шешімі бойынша анасы оларды үйіне алып кетуі керек екен, ал балалар онымен бірге барғысы келмеген.

Оқиға Маңғыстау облысы Басқұдық ауылында болған. Полицейлердің мәліметінше, ұрыстан кейін балалар әкесімен қалған. 

"Оқиға 2 қазанда Басқұдық ауылында болған. Бекініс пунктіне әйел бұрынғы күйеуі балаларын бермей жатыр деген шағыммен келген. Кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі инспектор, сондай-ақ учаскелік инспектордың көмекшісі балалар тұратын үйге барды. Бірақ балалар анасымен барғысы келмесе, оларды күштеп алып кете алмайтынын және психикасына травма келтірмейтінін ескерткен. Сондай-ақ оған қамқорлық бөліміне баруға кеңес берген, алайда ол бас тартқан. Балалар әкесіне оралған. Полиция қызметкерлері балаларының анасымен барғысы келмейтінін көріп, оған және оның қорғаушысына соттың приставымен келуді өтінген", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы Полиция департаментіндегілер.



#маңғыстау #бала #ана #басқұдық


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.09.2020
18.08.2020
11.08.2020
03.08.2020
12.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930