"Түркістан және Ақтөбе облыстарында екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр, іс сотқа беріледі. Шығын есептеледі, қылмыстық топ құйтырқы әрекеттерін осы жылы бастаған. Деректер жедел алынып, оларды ұстау және тергеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды", - деді Сағат Мәдиев ІІМ-де өткен брифингте.
Ведомстводағылар Қазақстанда мал ұрлаумен айналысатын тұрақты қылмыстық топтар жоқ екенін айтты.