USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өгей әкенің қорлығы

  • 03.июля.2020, 11:37,
  • 1 086

Түркістанда өгей әкесі қызын үш жыл бойы зорлап келген

Бұл туралы 14 жастағы қыздың өзі айтқан. Оның айтуынша, биологиялық әкесі 20 маусымда полицияға арыз жазған. Бірақ баланың жағдайына психологтардан басқа ешкім қызығушылық танытпаған. 

"2016 жылы мен 6-сынып оқып жүрген кезде ол мені алдына отырғызып... Мен қорыққандықтан бәрін істедім. 2018 жылы үйде ешкім жоқ кезде мені жатын бөлмеге апарып, шешіндіріп...", - дейді жәбірленуші. 


14 жастағы қыздың айтуынша, оның анасы да өгей әкесінің әрекетінен хабардар болған. Бұл жайтты айтуға қыз бала қатты қорыққан, себебі оның тағдырын өгей сіңлісі қайталауы мүмкін екен. 

"Мен тек шындықты қалаймын! Мен өзімді ойлап тұрған жоқпын, сіңлімді уайымдаймын, себебі ол енді өсіп келе жатыр", - дейді жәбірленуші. 

Сайт журналистері жәбірленушінің анасы мен өгей әкесімен сөйлеспек болған. Алайда анасы пікір беруден бас тартқан, ал әкесі үйде болмаған. Ал Полиция департаменті арыз қабылданғанын айтады. 

Полиция департаменті арыз 22 маусымда Түркістан полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі қабылданып, тіркелгенін және ҚР Қылмыстық кодексі 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Іс бойынша күдікті жәбірленушінің өгей әкесі. Бірқатар сараптама тағайындалып, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Бірқатар сараптама жүргізіліп жатыр.


#өгейәке #зорлық #зомбылық #түркістан #қылмыстықіс

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.05.2020
10.01.2020
24.12.2019
13.09.2019
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930