USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Таразда азғын 7-сынып оқушысын сабақ кезінде зорлаған

  • 19.қараша.2019, 09:30,
  • 542

Таразда 38 жастағы ер адам 12 жастағы қызды зорлаған.

Осы жағдайдан кейін мектеп директорының орынбасары мен пән мұғалімі және вахтер қызметінен кетті. Мектеп инспекторының да жұмыстан шеттетілгені айтылады. Осындай шешімнің шығуына олардың өз ісіне немқұрайды қарауы себеп дейді. Адамшошырлық жағдайдан кейін ата-аналар жаппай наразылық білдіріп жатыр.


Тараздағы №6 мектептің оқушысы жұма күні зорланған. Сол оқиғадан кейін ата-аналар жаппай дүрлігіп жатыр. Наразы топтың айтуынша, бұл жағдайға бақылау жасай алмаған мектеп басшысы кінәлі.


Бұл жағдай әжетханада жасалған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп- кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке енетін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен. 38 жастағы күдікті оқушы қыз әжетханадан шыққанда тап беріп, жәбір көрсетіпті. Тұрғындардың сөзінше, ғимарат ішіндегі дәретхана жабық болғандықтан, 7-сынып оқушысы сырттағы дәретханаға амалсыз шыққан.


Қыз география сабағы кезінде сұранып шыққан. Алайда мұғалім 45 минут бойы оны іздемеген де. Ал әбден азапталған оқушы өзі келіп, жағдайды сынып жетекшісіне айтып берген. Тек содан кейін дабыл қағылған. Мектепте жалпы саны 20 камера жұмыс істеп тұр. Алайда оны бақылап отыруы тиіс вахтер де, инспектор да жұмыс орнында болмаған. 


Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 38 жастағы күдікті бұған дейін ұрлық жасап істі болғаны Қазір ол қамауда.



скачать dle 12.0
Фото авторы : ktk.kz
Тағы да оқыңыздар:
13.11.2019
23.10.2019
21.10.2019
01.10.2019
10.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930