USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда қыз суицид жасамақ болған

  • 10.қыркүйек.2020, 15:09,
  • 432

Алматыда суицид жасамақ болған қыз күзетшінің арқасында ойынан айныды.

Алматыда өзін-өзі өлтірмек болған қыз қаладағы бизнес-орталықтардың бірінің күзет қызметкері арқасында ойынан айныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 10 қыркүйекте сағат 08.15-те Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан көпірде болған. "ГРУПП Четыре" компаниясының күзетшісі Серік Ерболов қызметі барысында бір қыздың күдікті қылықтарын байқаған. Ол радиобайланыс арқылы дереу әріптестеріне баяндап, өзі көпірге қарай бет алған.

"Ол көпірдің екінші деңгейінде тұрды, ал мен төменде. Қыз маска мен көзілдірік таққан, сондықтан оның түрі мен эмоцияларын көре алмадым. Төмендегі көліктерді тоқтата бастадым. Содан кейін жол-патрульдік полиция экипажын байқам, оларды тоқтатып қызды көрсеттім. Олар қызға жақындағанша, мен оны сабырға шақыруға тырыстым. Ойынан айнысын дедім, жаман жағдай болса ата-анаң, туыстарың қайғырады ғой дедім. Біз сөйлесіп тұрғанда оған полицейлер жетіп, диалог жүргізе бастады. Содан кейін олар қызды шығарып, қайғының алдын алды", - деп бөлісті Ерболов.




#алматы #суицид #көпір #полиция #күзетші 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30