USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда бірнеше көлік апатқа ұшырады

  • 08.қыркүйек.2020, 19:33,
  • 511

Алматы қаласы полиция департаменті Әуезов ауданында болған жаппай көлік апатының себебін түсіндірді.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Жол апаты Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Видеодан соғылған көліктерді, оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келгенін көруге болады.

Алматы қаласы полиция департаменті жол апаты 8 қыркүйекте, шамамен түскі сағат 13.20-да болғанын атап өтті.

"Mersedes жүргізушісі Төле би көшесінің батыс бағытымен келе жатып, рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан көлік автотұрақтағы Toyota Caldina, KIA Optima, Toyota Aristo маркалы автомобильдеріне соғылған. Сондай-ақ, Toyota Aristo инерция бойынша Toyota Camry көлігіне соғылған. Жол апатына күдікті Алматы қаласы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.



#апат #алматы #көлік #оқысжағдай #полиция 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.06.2020
21.11.2019
26.09.2019
27.08.2019
15.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930