"НемолчиKZ" қорының Facebook желісіндегі парақшасында Балқашта полицей жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазба жарияланды.
"Бір полицейге саяжайдағы көршісі - 14 жастағы қыз ұнап қалған. Және ол қызды сексуалды қарым-қатынасқа тарту үшін ұзақ уақыт бойы жоспар әзірлеген. Алдымен қыздың анасына саяжайдан ұрыны ұстағанын хабарлайды. Ол ұры солардың саяжайында қарасора өсіретіндей қылып айтып береді. Анасы саяжайға жақсылап қарауын, тіпті қоршаудан қараса да ешқандай қарасора жоғын айтады. Содан соң ол қызының телефонын сұрайды да, жергілікті балалардан сұрастыратынын жеткізеді. Анасы ештеңеге күдіктенбей, қызының телефон нөмірін береді. Себебі қыз бұл кезде қалада үлкен әпкесімен тұрған.
Кейін ол қызға қоңырау шалып, бопсалайды. Достырының бірі оны "саяжайда бірге наша шеккенін айтып берді" дейді. Ол не болып жатқанын түсінбей, оның ұл досының жоғын, тек бір құрбысы барын айтады. Полицей неше түрлі сылтау айтып, қылмыстық баппен қорқытады және әкесі 10 жылға қамалатынын айтады.
5 шілдеде ол WhatsApp желісі арқылы бопсалап, кездесуді және қандай да бір құжаттарға қол қою керегін талап етеді. Тіпті көршісі ретінде уайымдайтынын айтады. Анасы бұл кезде саяжайда, әкесі іссапарда болады. Әпкелері да үйде болмайды. (...) Қыз мекенжайын береді, ол келеді.
Үйіне келген соң достарымен наша шеккені туралы мойындау хат жазғызып алады. Содан соң төсектес болуын талап етеді де, ата-анасы айтпай, оған көмектесетінін айтады", - деп жазылған жазбада.
Қор өкілдерінің айтуынша, барлық жазба мен қоңырау сақталған. Қыз апта бойы үндемейді, бірақ 12 шілдеде үлкен әпкесіне көрші полицейдің бопсалап, зорлағаны туралы айтып береді. Содан соң анасы Балқаш қаласының полициясына арыз қалдырады.
"Полиция іс қозғаудан бас тартып отыр. Олар өз қызметкеріне қатысты іс қозғай алмайтынын айтып, құжаттарды Қарағанды облысы полициясына жолдады. Ешқандай сараптама, киімді қарау ... ештеңе болып жатқан жоқ. Полицейді 13 шілдеде жұмыстан шығарды. 13 шілдеде ол анасына келіп, арызын қайтып алуды сұраған. Ол қызға өткен жылы 14 жасында (қазір қыз 15 жаста) ғашық болып қалғанын және отбасында жалғыз асыраушы екенін айтқан. "НеМолчиKZ" қорының өкілдері қыздың анасынан өтініш алды және енді біз Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығынан осы қылмыстық істі өз бақылауына алуын және өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, ауыр қылмыс жасаған күдікті педофилді жауапқа тартуды талап етуіңізді сұраймыз", - деп жазды қордағылар.
#балқаш #зорлық #немолчи #полицей