USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлын құтқармақ болған азамат суға батып кеткен

  • 14.августа.2020, 10:00,
  • 360

Балқашта өзінің 11 жасар ұлын құтқармақ болған ер адам суға батып кетті. Құтқарушылар оның денесін келесі күні тапқан.

Құтқарушылар 11 жасар баланы аман-есен алып шықты. Ал әкесі суға кеткен. Оның денесін 12 тамыздың кешінен іздеп, бүгін тапқан", - деп жазды пост авторы.

Бұл фактіні Қарағанды облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі растады.

"12 тамызда Балқаш көлінде Приозерск қаласынан 5 км жерде 2009 жылы туған бала үрлемелі матраста жағадан алысқа жүзіп кетті. Баланың әкесі құтқарушыларды күтпестен көмекке жүгірді. Бірақ ол балаға жүзе алмады. Оқиға орнына келген құтқарушылар жағалаудан 850 м қашықтықта кеткен балаға көмек көрсетіп, баланың әкесін іздеуге кірісті. Іздеу жұмыстары қараңғыға дейін жалғасып, 13 тамызда таңертең қайта басталды. Суға батқан адамның денесі бүгін сағат 10:40 - та жағадан 350 метр қашықтықта табылды", - деп хабарлады облыстық ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.



#балқаш #көл #суғабатты #өлім 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930