Оның айтуынша, шілдеден бастап күніне орта есеппен жеті-он адам қаланың ескі және жаңа зиратында жерленеді. Маман карантин алынғаннан кейін өлім саны артып кеткенін айтады.
Наталья Серованың айтуынша, 1-15 шілде аралығында 100-ге жуық адам жерленген.
"Соңғы жарты аптада жағдай нашарлады. 4 шілдеде мәйітханаға бірден 17 адам, келесі күні 28 адам келді. Келесі күндері қаза болғандар саны күніне 40-50 адамға жетті. Біз қабірлерді алдын ала қаза бастадық, ал оны жасамасақ, мәйітхана денелерге толып қалар еді", - дейді ол.
"Бұрын аптасына үш-жеті жерлеу рәсімі өтетін. Аптасына 10 жерлеу сирек кездесетін. Қазір өлім-жітім бірнеше есеге өсті. Қайтыс болғандарда негізінен пневмония болған немесе өкпесі қабынған. Кейбіреуінде - коронавирус.
Ақтаудағы жағдай өте қиын. Карантин кезінде өлім болмаған. Бірде-бірі пневмония немесе коронавирустан емес. Сол кезде жерлеген адамдарда қатерлі ісік, жүрегі әлсіз болған немесе жасы келіп көз жұмғандар", - дейді Наталья Серова.
Маман 2019 жылы шілде айында 30 адам жерленгенін, ал биыл 15 күн ішінде 96 адам қайтыс болғанын мәлідеді.
#коронавирус #медицина #зират #ақтау