USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жүрек ырғағы бұзылған науқастарға имплант қойылды

  • 18.августа.2020, 11:30,
  • 663

СҚО-да жүрек ырғағы бұзылған науқастарға имплант қойыла бастады.

Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың аритмолог дәрігері Қуандық Садуевтің айтуынша, кардиовертер-дефибриллятор құрылғысы жүректің кенеттен тоқтап қалуының алдын алады. Қазақстанда қондырғы бұрыннан қолданылғанымен СҚО мамандары үшін бұл тың әдіс. «Ота жергілікті анестезия арқылы жүргізіліп, науқас есін біліп жатады. Бұғананың астына шағын тілік жасалады. Тамыр арқылы бір немесе екі электрод өткізіп, жүректің бұлшықетіне жалғаймыз. Оның екінші басы қондырғыға бекітіледі. Имплант кеуде бұлшықетінің астына орналастырылады. Ол жүрек қағысын қадағалап отырады. Жүрек тоқтап қалса, электродтар разряд беріп, ырғағы қалпына келтіріледі», - дейді Қуандық Садуев. Кардиовертер-дефибриллятордың үлкендігі 2 сіреңке қорабындай ғана. Электронды құрылғы 5-7 жыл жұмыс істейді.

«Мен өзім осында 100-ден астам ота жасадым. Адамның жас ерекшелігіне қарамаймыз, 18 жастағы жігітке де осындай имплант қойған кезім болды. СҚО-да мұндай ота алғаш жасалып отыр. Бүгін 72 жастағы қарияға дефибриллятор қойылды. Ол дәрігерлердің қарауында болған, ем-дом нәтиже бермегеннен кейін ота жасадық», - дейді астаналық маман.

Кардиологиялық орталық жүрек ырғағы бұзылған үш науқасқа Германияда жасалған құрылғыны сатып алған. СҚО көпсалалы аурухананың кардиология блогының жетекшісі Мақсат Құдраттулаевтың айтуынша, жыл өткен сайын осындай науқастардың саны артуда. Сондықтан мамандар қажетті отаны жергілікті жерде жасауды жоспарлап отыр. «Жүрек ырғағы бұзылған науқастарымыз бар. Олардың жүректері кенеттен тоқтап қалып, қастарында ешкім болмаса өліп кетеді. Бүгінге бірнеше науқасымызды әзірледік. Оларды таңдау жолдары бар. Көрсеткіштері дұрыс келетіндеріне ота жасалады. Бұған дейін осындай ота жасау үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберілетін. Енді өз орталығымызда емдеуді жоспарлап отырмыз. Аппараттарды көктемде алдық, карантиннің салдарынан шеберлік сағатын өткізуді кейінге қалдырып келдік. Бүгін сәті түсіп жатыр», - дейді Мақсат Құдраттулаев.


#сқо #ота #жүрек #имплант #медицина #науқас 



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.07.2020
05.07.2020
02.06.2020
05.01.2020
23.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930