"Науқас 23.05.2020ж түнгі сағат 01:55-те медициналық жедел-жәрдем қызметімен ауыр халде жеткізілген. Науқас ауыр жарақат алған болатын. Аурухана дәрігерлері жедел түрде науқасты тиісті медициналық тексеруден өткізіп, зерттеулер жүргізді. Науқастың бас миына қан кеткені анықталды. Жедел түрде ота – декомпрессивті трепанациясы жасалынды. Науқасқа алған жарақатына және жағдайының ауырлығына байланысты қажетті ем жансақтау бөлімінде көрсетілген. Оны ұзақ жолға алып шығу қауіпті болғандықтан дәрігерлер Ұлттық ғылыми орталығынының мамандарынан телемедицина арқылы кеңес алып, емдік шараларды жасады. Алайда 1-ші маусым, түнгі сағат 23:45-те жасөспірім көз жұмды. Комада жатқан күйі ес жимай қайтыс болды", - делінген басқармасының хабарламасында.
Абзал Өткіровтың туыстары 22 мамыр күні Шымкенттің іргесіндегі Маятас елдімекенінде жаппай төбелес болғанын айтқан. Онда болған екі жасөспірім соққы алып, 17 жастағы жасөспірім ауыр жарақатымен ауруханаға түскен.
Ағасының айтуынша, төбелес кезінде жасөспірімнің басын шлакоблокпен ұрып, тырнақтарын жұлып тастады.