USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда күніне қанша ПТР талдау жасалады?

  • 05.июля.2020, 10:00,
  • 402

Мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде күн сайын коронавирусты анықтау үшін қанша талдау жасалатынын мәлімдеді.

Бас санитар мемлекеттік лабораториялардағы коронавирусты анықтауға тест жасайтын мамандардың жалақысы туралы айтты.

"Мемлекеттік лабораторияларда, мен Ұлттық сараптама орталығының лабораторияларына қатысты айтамын, коронавирус инфекциясын анықтау үшін 600-ден астам маман бар. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бекітілген үстемақыны қоса есептегенде, шамаман 300 мыңге болады. Жеке лабораториялардағы қызметкерлердің жалақысы туралы айта алмаймын. Себебі бұл деректер жеке компания мен мамандар арасындағы шартқа сәйкес болады", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.

Сондай-ақ Айжан Есмағамбетова елімізде күніне қанша тест жасалатынын атап өтті.

"Күніне барлық аймақта бар Ұлттық сараптама орталығының лабораторияларында күн сайын 11 мыңға жуық талдау жасалады. Бұдан басқа тағы медициналық ұйымдарда 3 мыңға тарта талдау жасалады. Сондай-ақ жеке лабораторияларда коронавирусты анықтау үшін 10-15 мың талдау жасалады", - деді бас санитар дәрігер.

Бұған дейін брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус жұқтырғандардың өсімі ай ішінде 4,5 пайыз болғанын айтты.


#айжанесмағамбетова #санитар #птр #талдау #брифинг #нұр-сұлтан

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.06.2020
05.06.2020
05.05.2020
30.04.2020
04.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930