USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Bek Air апаты: екінші ұшқыш есін жиды

  • 05.қантар.2020, 17:30,
  • 511

Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші ұшқышы есін жиды.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі ер адамды жансақтау бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырғанын хабарлады. 


"Оның жағдайы тұрақтанды. Ол есін біледі. Сөйлейді", - деп нақтылады баспасөз қызметінің өкілдері.


Сондай-ақ медицина қызметкерлері әуе апаты кезінде зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы туралы айтты. Санавиация арқылы үш науқас Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Олардың жағдайы да тұрақтанды, жағдайлары жақсарғаны байқалады.


Сонымен қатар, зардап шеккен 27 адам Алматы ауруханаларында, олардың жетеуі балалар. Бір адам бұрынғысынша қалалық көпсалалы клиникалық аурухананың реанимациясында жатыр. Барлық емделушінің жағдайы тұрақты.

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
05.01.2020
07.10.2019
23.09.2019
10.09.2019
24.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031