USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сәтбаевтағы оқиға кезінде Жезқазған полициясы бастығына шабуыл жасалды

  • 26.июля.2020, 15:00,
  • 617

Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде бір топ адамның полиция қызметкерін қоршап тұрған бейнежазба пайда болған еді.

Жезқазғанның полиция бастығы Амангелді Құрмановқа Сәтпаев қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде шабуыл жасалды. Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде осыған қатысты бейнежазба пайда болған еді, онда бір топ адам полицейді қоршап тұрғаны байқалады. Жанында тұрған белгісіз ер адам Амангелді Құрмановты ұрып жіберген кезде, оған басқалары да қосылады. Полиция қызметкері шабуылшылардан әрі қарай шегінеді.

Әлеуметтік желілердегі видеодағы полицей шынымен де мен, Жезқазған қаласының полиция бастығы, полиция полковнигі Құрманов екенін растағым келеді. Жоғалған бес жасар қыз туралы ақпарат алғаннан кейін мен басқармаға келіп, жеке құрамды жинап алдым да, дереу Сәтпаев қаласына шықтым. Шамамен түнгі бірлерде оқиға орнына келген соң, ол жерге адам көп жиналғаны, жаппай тәртіпсіздіктер басталып кеткені анықталды. Халық педофилді өздеріне беруді талап етті және кіреберіске кіруге тырысты. Біз подъезді қоршаудың бірінші қатарына тұрдық. Осы уақытта топ адамның ішінен біреу "полиция қызметкерлерін бір-бірден алып кету керек" деп айқайлай бастады. Сол сәтте топ адам менің жанымда тұрған әріптесімді алып кетуге тырысты, мен қызметкердің қолынан жібермей халыққа оның еш кінәсі жоғын айтып түсіндірдім. Олар қызметкерді жіберді. Осы уақытта біреу менің "полиция бастығы" екенімді айтып айқайлады. Олар күдіктіні беруді менен талап ете бастады, - деді ол Tengrinews.kz-ке берген сұхбаты барысында.

Ол жиналғандарға заң алдында барлығы тең екенін және аталған азамат заң бойынша жазаланатынын түсіндіре бастаған. 

Мұның бәрі 30-40 минут ішінде болды. Сол кезде мен басымнан бірнеше рет соққы алдым, дене жарақатын алдым. Оң құлақтың, сол иықтың, сол жақ кеуде қуысының, сондай-ақ бел аймағында қанталаған жерлер қалды. Халықтың мені естімейтіндігін түсіне отырып, олардың барлық жағымсыз эмоциясы мен сезімін өзіме қабылдадым. Бұл күні ешқандай ішімдік ішкен жоқпын, жағдайды түсіндіре алдым деп үміттенемін, - деп қорытындылады сөзін полиция бастығы.

Естеріңізге сала кетейік, Сәтбаев қаласында 5 жасар қыз жоғалып кеткен. Жоғалған бүлдіршінді туыстары мен қала тұрғындары іздеген. Ол қаладағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылған. Бала ұрлады деген күдікпен ер азамат ұсталды. Бес жасар қыздың ісі бойынша күдіктінің әрекеттері екі бап бойынша - "адам ұрлау" және "жас балаға зорлық көрсету" қаралып жатыр.

23 шілде күні түнде Қарағанды облысындағы Сәтпаев қаласының тұрғындары бала ұрлаған күдіктіге қатысты сотсыз жазалау ұйымдастыра жаздады. Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек шығып, халықты арандатушылардың сөзіне ермеуге шақырды.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізіп, Президент бұл істі өз бақылауына алды.



#сәтбаев #жанжал #зорлық #полиция

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.07.2020
24.07.2020
29.05.2020
05.09.2019
21.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930