Оқиға орнында түсірілген видео @kris.p.almaty паблигінде жарияланды. Видеода тротурамен баласын арбамен сүйреп келе жатқан әйелдің артынан бойшаң келген ер адамның жақындағаны көрінеді. Ол әйелді қылғындырмақшы болған сыңайлы. Алайда әйел оған қарсылық көрсетеді. Автордың айтуынша, оқиға Саяхат маңында болған. Сондай-ақ, ұры әйелдің ұялы телефонын алып кеткен.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның мойынынан алтын алқасын жұлып алған. 28 жастағы әйел мен балаға азият нәсілді, ірі денелі ер адам шабуылдаған. Жақын маңда қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция экипажына ер адамның бағыттамасы берілді.