USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздің 15 өңірінде ауа-райы нашарлайды

  • 15.мамыр.2020, 18:00,
  • 405

"Қазгидромет" мәліметтері бойынша, еліміздің 15 өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды.

Нөсер жауынға байланысты Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында және Алматы қаласына іргелес аумақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендердегі судың деңгейі көтерілуі мүмкін.

15 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 17-22 метр болады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады деген болжам бар. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы қаласында нөсер жауын, бұршақ жауып, жел тұрып, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Алматы облысында нөсер жауын, бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.

Шымкент қаласында найзағай ойнап, дауыл соғады. Найзағай кезіндегі желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында нөсер жауын, бұршақ жауып, найзағай ойнап, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

скачать dle 12.0
Фото авторы : news.rambler.ru
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031