Синоптиктер 29 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел мен найзағай ойнап, шаңды дауыл болады деп болжайды.
29 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр секунд болады.
Нұр-Сұлтан қаласында 29 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ деп болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр секунд болса, Көкшетау қаласында таңертең және күндіз найзағай болып, оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел күндіз екпіні 15-20 метр секунд болады.
Қостанай облысының да кей жерлеріңде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде түнде 15-20, күндіз 15-20, жел екпіні 23 метр секунд болады.
Қызылорда облысында найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 метр секунд деп болжанады.
29 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Шаңды дауыл болып, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 метр секунд деп.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 метр секунд.