Бұдан басқа, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді, жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілімдер бойынша патронаж жүргізетін болады. Бұл жөнінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады.
Мобильдік топтар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттердің үйіне барып, ПТР-тестке материал жинауды жүргізеді. Сондай-ақ, диагноз қоюға байланысты медициналық тексереді. Қызметтің бұл түрі тегін болады. Осы қызметтерді көрсеткен емханаларға ақыны "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ төлейді, – деді филиал директоры.
Есеп айырысу бойынша, мобильді бригаданың бір шығуы үшін тариф 5 400 теңгені құрайды. Мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
#мобильдіктоп #медицина #коронавирус #нұр-сұлтан