Елордада коронавирус инфекциясын анықтау үшін мобильді скрининг диагностикасы пайда болды. Зертхана №2 Қалалық көпбейінді аурухана базасында іске қосылды.
Тест тапсырушы эпидемиологиялық факторлар мен симптомдарға қатысты жеке ақпараттар көсетілген сауалнама толтырады. Кабинада дене температурасы жанасусыз термометр көмегімен өлшенеді. Нәтиже 6 сағат ішінде белгілі болады. Тест тапсырушы өз нәтижесін электрон пошта немесе Whatsapp нөмірі арқылы ала алады.
Мобильді орталық күніне 100-ден аса тест алуға қабілетті. Процедура тек 3-5 минут алады. Сондай-ақ, бұл әдіс барлық автокөлік үшін ыңғайлы және ешқандай кезекті қажет етпейді. Тест құны - 10 мың теңге.