USD 509.26
EUR 574.75
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сағынтаев Алматыдағы пневмония індеті жайлы мәлімдеді

  • 04.июля.2020, 12:41,
  • 728

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өскенін мәлімдеді

"Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді", - деп жазды қала әкімі Instagram-тағы парақшасында.

Бақытжан Сағынтаев бүгінгі қалыптасқан жағдайда "виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы" ашылғанын айтты.

"Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді".


#сағынтаев #коронавирус #жрви #пневмония #алматы #қазақстан

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031