USD 493.85
EUR 571.78
RUB 6.25
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

COVID-19 науқастарын ауруханаға қалай жатқызады?

  • 24.июня.2020, 17:00,
  • 564

Коронавирус жұқтыру дерегі расталған елордалықтардың барлығы бірдей ауруханаға жатқызылмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясың директоры Мұрат Оразбаев хабарлады.

Науқастарға ем қолдану процессі коронавирус диагнозын қою мен оны емдеу протоколына сәйкес өтеді.


Жедел жәрдем бригадасы науқастың жағдайын алдымен: ентігудің бар-жоғын, қандағы оттегі мөлшерін, дем алу жиілігін бақылап, жалпы баға береді.


"Көрсеткіштері жағымды науқастар үйде қалып, бекітілген дәрігердің қарауында болады. Ауыр және орташа жағдай кезінде, созылмалы ауруларға шалдыққан және 60 жастан жоғары азаматтар ауруханаға жатқызылады. Бұл -бекітілген алгоритм, жедел медициналық көмек бригадалары соған сәйкес жұмыс істейді", - деді ол.


Станция директоры қала тұрғындарын байбалам салмауға шақырды. Жедел жәрдем міндетті түрде алгоритмге сәйкес қызмет көрсетеді деп сендірді.


Оразбаевтың мәлімдеуінше, 24 маусым күні коронавирус инфекциясына қатысты 2623 хабарламалар тіркелді. Олардың жартысы - 1236 адамы ауруханаға жатқызылды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.06.2020
22.06.2020
02.06.2020
21.08.2019
17.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031