USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шымкенттегі қақтығыста депутаттың туысы қатысқан - марқұмның туыстары

  • 04.июня.2020, 11:30,
  • 433

17 жастағы студент өліміне қалалық мәслихат депутатының жиенінің қатысы бар. Бұл туралы марқұмның туыстары мәлімдеді.

Алайда Шымкент полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Қазіргі таңда барлығы 9 адам ұсталды, олардың бесеуі қамауға алынды, қалғандары қолхатпен босатылған. Кәмелет жасқа толмаған бір күдіктіге іздеу салынды. 


Жаппай төбелесте мерт болған Абзал Өткіровтың жақындары тергеудің әділ өткенін талап еткен еді. Істің ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) өтіп жатқанына наразы, бұл бапқа сәйкес қылмыскер сегіз жылдан он екі жылға дейiн бас бостандығынан айырылады. Олардың айтуынша, кінәлі адамдар 99-бапқа сәкес (Адам өлтіру) жазалануы керек.


Бұрын үн қатпаған құқық қорғаушы органдар іске бойынша қаралып жатқан бапты өзгерту мүмкіндігі бар дейді.


"Қазіргі жағдайдың өзінде сол 106-ның 3-не кеп тұр ол. Заңды түрде шешім қабылданып отыр. Онымен прокуратура да бәрі барды, қызметкерлер бәрі көрді. Олар да тергеуге бізге қатысып жүр ғой. "Өлтіру" болатын болса біз енді прокуратурамен ақылдасып көрейік, ол ауыстыруға болады", - деді Шымкент қаласының бас полицейі Ералы Жұмаханбетов.

Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерді де жауапкершілікке тартылады. Туыстары медициналық көмектің дұрыс көрсетілмегені бойынша шағымданған.

скачать dle 12.0
Фото авторы : Грекова Марина
Тағы да оқыңыздар:
03.06.2020
26.05.2020
13.11.2019
13.11.2019
27.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031