USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Қыз бен жігіт арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласқан

  • 13.қараша.2019, 17:30,
  • 1 270

Оқушы өлімінен соң Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық", "Адам өлтіру" баптары бойынша іс қозғалды. Күдікке іліккендердің бәрі - оқушылар мен колледж студенттері.

"10 қараша күні балалар топ болып төбелескенін білесіздер. №61 орта мектептің 2004 жылғы оқушысы көз жұмды. Оқиға шамамен сағат 20:00-де Заречный ауылындағы "Жалғас" дүкені маңында болды. Кәмелет жасына толмағандардың төбелесі қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынастан басталған екен. Сол мектептің 9-сынып оқушысы құрдасымен сөзге келіп, жанжалдасып қалған. Ал оқушы қыз таныстарына шағымданып, кейін оның соңы үлкен дауға айналып кетті. Қазіргі кезде күдіктілердің бәрі ұсталды. Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық", "Адам өлтіру" баптары бойынша іс қозғалып, соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.


Бұл төбелеске №61 орта мектептің 9, 10, 11 сынып оқушылары, М.Арын атындағы мектептің шәкірттері қатысқан. Колледж студенттері де бар. Сол күні 15 жастағы жәбірленушіні жаппай төбелеске қатысқан жасөспірімдер ауруханаға жеткізген. Бірақ аурухана ішіне кіргізбей, ауласына тастап кеткен.



скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
21.10.2019
10.09.2019
05.09.2019
26.08.2019
09.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031