USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Болат Бақауовтың ісі сотқа жетті

  • 26.мамыр.2020, 14:30,
  • 422

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ісі қылмыстық сотқа жетті. Сот отырысы 27 мамырға белгіленді.

Тергеу кезінде Бақауов Қылмыстық кодекстің 362-бабы, 4-бөлімінің 3-тармағы – "өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бойынша жауапқа тартылған болатын. Бұл тармақ бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сондай-ақ, сотталған адамның мүлкі тәркіленеді.


Алайда сотқа түскен қылмыстық істің бабы өзгертілді. Енді экс-әкімге Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 4-бөлімінің 3-тармағы – "ауыр салдарға әкеп соққан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану әрекеттер" бойынша айып тағылып отыр. Бұл баптың жазасы жеңілдетілген, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.


Бұдан бөлек, Павлодар облысының бұрынғы басшысының қылмыстық ісі жеңілдетілген тәртіппен қаралады. Себебі Болат Бақауов прокурормен процессуалды келісімге келді.

скачать dle 12.0
Фото авторы : 24.kz
Тағы да оқыңыздар:
18.03.2020
28.10.2019
15.10.2019
12.09.2019
29.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031