Бұл әрекет халық ашуына тиді. Жастар отырыс барысын әлеуметтік желіде жариялап отырған. Жастар тауда 10-нан аса шатыр орнатып, кино көруге мүмкіндік беретін жабдық алып келіпті.
"Бүгін қорқынышты жағдайға куә болдым. Тауға көтеріліп жүргеніме 6 жыл болды. Бірақ мұндайды алғаш рет көріп тұрмын. Мұндай қоқыстың қалдықтары қоқыс полигонында жоқ шығар. Арақ пен сыраның бөтелкелері, тәрелкелер, қасықтар, саптыаяқтар және тағы басқа қоқыс қалған. Көк-Жайлау - туристердің сүйікті орны. Бірақ сендер екі күннің ішінде табиғатқа орны толмас зиян келтіріп отырсыңдар. Қоқыс барлық жерде жатты", - деп жазды желі қолданушысы.