USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Апаттан аман қалған ұшақ жолаушысы мәлімдемесі

  • 27.желтоқсан.2019, 15:30,
  • 411

Алматы маңындағы апаттан аман қалған жолаушы лайнер бортында қандай жағдай болғанын айтып берді. 

"Мен жиі ұшамын. 07:05-те ұшақ әуеге көтерілуі керек болған. Алайда бұл жолы кешікті. Бізге қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатқан уақытта, ұйықтап кетіппін. Түнімен ұйықтамадым, себебі кешігіп қаламын деп алаңдадым. Ұшақ әуеге көтеріле бастағанда ояндым. Сөйтсе, ұшақ екі рет көтеріліп, биікті жоғалтқан екен. 


Сосын қатты дауыс шықты - қозғалтқыш па не басқа бірдеңе. Ұшақ қиғаш ұшты. Барлығы кинодағыдай болды: айғай, шу, жылаған адамдарМұны сөзбен айтып жеткізе алмаймын, өте қорқынышты. Соққы болды, менің алдымды бір темір бөгеп қалды, шыға алмадым. 


Біреу айғайлап жатты: "Шығыңдар!". Осы кезде сөйлей алмай қалдым. Мен ұшақ қанатының тұсында отырғанмын. Ұшақ қанатына аяқ басқаным есімде. Ұшақ жерде жарылуы мүмкін деген сөздер айтыла бастады. Түсім секілді", - дейді әйел. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
27.12.2019
01.12.2019
23.09.2019
08.08.2019
25.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930