"Педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан тиісінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді", - делінген Асқар Мамин қол қойған қаулыда.
Сондай-ақ үш жыл ауылда жұмыс істеу жөніндегі міндетке қатысты Қаулының 28-тармағына өзгерістер енгізілді.
28. Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндет:
1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;
2) тиісті құжаттармен расталған, білім алушының (жас маманның, философия докторының (РhD)) қайтыс болуына байланысты;
3) жұмысты өтеу мерзімі кезінде I және II топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
4) Заңда және осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндетінен босатылуына байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған оқытумен байланысты шығыстар қайтарылмай тоқтатылады.