Отырыста вице-министр "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын таныстырған болатын. Аталған құжатта білім беру ұйымдарында дене шынықтыру мен спортты дамыту бағыттарының бірі ретінде білім беру бағдарламаларына ұлттық спорт түрлерін енгізу көзделеді. Бұл өз кезегінде ұлттық спорт түрлерінің танымалдығын арттырып, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін күшейтеді. Дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының артуына септігін тигізеді.