USD 445.62
EUR 479.4
RUB 5.4
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім гранттарын бөледі

  • 05.желтоқсан.2019, 11:00,
  • 485

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.

Бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.


"Қабылданған заң аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарының көлемін анықтау, оларды бөлу мен орналастыру бағытындағы құзіреттері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі. Қабылданған бұл өзгерістер саладағы мамандарды дайындауда мемлекеттік тапсырысты нақты қалыптастыруға, қаржыландыру көлемін дұрыс анықтауға, сапалы кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарын әділетті түрде іріктеуді жүргізуге және мамандықтар бойынша гранттарды дұрыс бөлуге мүмкіндік береді деп котырмыз", - делінген хабарламада. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
25.11.2019
01.11.2019
08.10.2019
01.08.2019
25.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930