USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандық студенттер ЖОО-ға үндеу салды

  • 22.сәуір.2020, 13:30,
  • 532

Қазақстандық ЖОО студенттері төтенше жағдайға байланысты емтихандардың онлайн түрінде өтілуіне наразылық білдіруде. Әлеуметтік желіде олардың әкімшілік пен президент, білім министріне арнаған үндеуі таралды.

"Ел аумағында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты, біз қашықтан оқуға көшірдік. Алайда қарапайым сабақ барысында көптеген студент техникалық проблемаларға тап болды, мысалы: қазір шалғай аудандарда, үйлерінде жүрген кей студентке сапалы Интернет қолжетімсіз. Интернет болғанымен, желінің дұрыс істемеуі, байланыстың жиі үзілуі.

...Көптеген студент сабаққа қатыса алмай жүр немесе үй тапсырмаларын мерзімінде орындауға үлгермейді. Осыған байланысты біз университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамына емтихан форматын өзгерту туралы ұсынысымызды қарастыруды сұраймыз",-дейді студенттер.

Олар пән бойынша емтихан бағасын бірінші және екінші бақылау емтихандарының орташа балына сүйене отырып қоюды ұсынып отыр. Студент қорытынды бағасына қанағаттанбаған жағдайда, мұғалім өз қалауы бойынша қосымша оффлайн-тапсырмалар арқылы емтихан тапсыру мүмкіндігін беруді сұрайды.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031