Назарларыңызға «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты ұсынып отырмыз.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 177,8 млрд. теңге сомасына 15 764 өтініш қабылданды. Оның ішінде 107,2 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 9 322 өтініш мақұлданды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында http://www.baspana72025.kz/kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.
Қайнар көзі: ҚР Ұлттық банкінің ресми сайты