USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

26 қазақстандық Омбы әуежайынан шыға алмай қалды

  • 19.наурыз.2020, 17:30,
  • 510

Вьетнамнан келе жатқан 26 қазақстандық Омбы әуежайында қалып қойды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады.

"Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Омбыдағы консулдық жергілікті әуежайдан кете алмай қалған 26 қазақстандықтың елге қайтуына көмектеседі. Олар - Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл тұрғындары. Арасында бір бала бар. Өткен түні олар Вьетнамнан келген, бірақ Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, көлік қозғалысына тыйым салынғандықтан елге кіре алмай қалды", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 


Ведомство мәліметінше, сегіз адам Нұр-Сұлтанға ертеңгі соңғы рейспен ұшуға дайын. Қалғандары көлікпен қайтуды жоспарлап отыр. Қазақстандық дипломаттар өз азаматтарын елге көлікпен өткізу үшін ресейлік тарапқа қажетті мәліметтерді жіберген.

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930