USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҚР СІМ жоғалған альпинистер ісі жайлы

  • 19.августа.2019, 17:30,
  • 524

ҚР Сыртқы Істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Қырғызстан тауларында жоғалған Қазақстан альпинистеріне қатысты мәлімдеме жасады.



"2019 жылдың 17 тамызында Бішкектегі қазақстандық консулдыққа Қазақстанның 3 альпинисі Тянь-Шань тауының (Қырғызстан, Ыстықкөл облысы) Победа шыңында жоғалып кеткендігі туралы ақпарат түсті. Қазақстан азаматтары Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулиннің 4 тамыз күні Победа шыңына сапарлап шыққандығы анықталды. Олардың барлығы да кәсіби және тәжірибелі альпинистер. 14 тамызда альпинстер аталған шыңды бағындырған. Сол күні ауа райы нашарлап кеткен", - деді Айбек Смадияров.


Министрлік мәлімдеуінше, альпинистер 15 тамыз күні шамамен сағат 08-15-те соңғы рет байланысқа шығып, орын алған жайтқа қатысты дабыл қаққан. Сондай-ақ, олар А.Чечулиннің қаза тапқандығын естірткен. Альпинистер дабыл қаққан сәтте олар 6 900 метр биіктікте болған. Шатырлары мен жабдықтарын жел ұшырып кеткен. Олар қардан шұңқыр қазып, соған жасырынғандықтарын айтқан.


"Дипломаттарымыз жедел түрде болған оқиға жайында Қырғызстан ТЖМ-і мен Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің кезекшілік бөліміне хабар берген. 18 тамызда аталған жорықты ұйымдастырған туристік компанияға тиесілі тікұшақ 18 тамыз күні альпинистер жоғалған болжамды ауданды шолу үшін екі рет әуеге көтерілді. Өкінішке орай, нәтиже жоқ. Себебі тауда бірнеше рет көшкін жүріп, аталған ауданды қар басып қалған", - деді ведомоство.

скачать dle 12.0
Фото авторы : IG:@aigulele
Тағы да оқыңыздар:
19.08.2019
06.08.2019
22.07.2019
10.07.2019
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930