Нұр-Сұлтан қаласында брифинг барысында ҰҚК антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейкин Сирияда ұрыс алаңы болып жатқан аумақта жүрген еліміздің азаматтарын елге жеткізу жоспары туралы айтты.
"Гуманитарлық "Жусан" операциясы аясында, өздеріңіз білесіздер, Сириядан 595 азаматымыз жеткізілді, оның ішінде 406 бала бар. Репатриация процесі әлі аяқталған жоқ, сол себепті мәліметтер әлі нақты емес. Халықаралық құқық пен мемлекет кепілдік берген террористік әрекет үшін жазалаудың бұлтартпау қағидатын негізге ала отырып, қылмыстық жауапкершілікке 57 адам тартылды не тартылып жатыр", - деді Сергей Швейкин Нұр-Сұлтандағы брифингте.