USD 538.33
EUR 626.99
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Уханға Қазақстаннан арнайы борт жіберілуі мүмкін

  • 28.қантар.2020, 17:00,
  • 474

Қытайдың Ухан қаласында қалып қойған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы борт жіберуді жоспарлап жатыр.

"Кеше ҚХР СІМ-де шетелдік дипломаттар үшін брифинг өтті. Брифинг барысында Қытай тарапы елдегі жағдай туралы айтты. Әрине, олар барлығы бақылауда екенін және қажетті шаралар қолданылып жатқанын айтты. Қозғалысты азайту үшін азаматтардың мүмкіндігінше тұрғылықты мекен-жайында қалуын өтінді. Сондай-ақ, олар шетелдік мемлекеттердің өз азаматтарын эвакуациялау туралы сұраныстарын қарастыратынын айтты.  Осы орайда біздің тараптан ҚХР-ға нота жіберілді, қазіргі уақытта Ухандағы студенттерімізді эвакуациялау мәселесін ойластырып жатырмыз. Онда біздің 98 студентіміз бар. Студенттермен хабарласып жатырмыз, олар қайтамыз деген жағдайда арнайы борт жіберу мәселесін ойластырамыз", - деді Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев. 


Оның айтуынша, рұқсат алу шарасы Қытайдың келісімін күтіп отыр екен. 



скачать dle 12.0
Фото авторы : REUTERS
Тағы да оқыңыздар:
27.01.2020
12.12.2019
20.11.2019
11.10.2019
24.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031