USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Bek Air әуекомпаниясының үстінен арыз түсті

  • 03.наурыз.2020, 15:00,
  • 394

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотына Bek Air әуекомпаниясына қатысты арыз қалдырды.

Мұның алдында 2020 жылдың 31 қаңтарында Комитет әуекомпанияға Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берген болатын.

"Алайда 2020 жылдың 20 ақпанында алдын ала сот отырысында істі соттылығы бойынша Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына беру туралы сот ұйғарымы шықты. Бірақ Комитет сот шешімімен келіспейді. 2020 жылдың 21 ақпанында осы ұйғарымға жеке шағым берілді.


Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерінің тұрақты түсуіне байланысты және соттың талап арызды қарауы мақсатында Комитет мүмкіндігінше қысқа мерзімде Bek Air әуекомпаниясына Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына екінші талап арыз берді. Талап 2020 жылдың 21 ақпанында 360 адамды қорғауға берілген, осы соттың алдын ала сот отырысы 2020 жылдың 30 наурызына тағайындалған", - делінген хабарламада.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.02.2020
04.02.2020
13.01.2020
08.08.2019
29.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930