USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Серікжан Біләштің ісін Алматы сотының қарауына жолдады

  • 29.июля.2019, 18:30,
  • 669

Бүгін елордада әлеуметтік және ұлтаралық араздық тудырды деп айыпталған "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің соты болды. Қытайдағы аз ұлттарға жасалған қысым мәселесін көтерген белсенді үстінен қозғалған істі Алматы сотының қарауына жіберді.


Төрт айдан бері Нұр-Сұлтанда үйқамақта отырған Серікжан Біләш (құжат бойынша - Бияш) ісі бойынша алдын ала сот отырысы таңертеңгі сағат 11-де басталды. Қытайдың Шыңжаң аймағындағы этникалық азшылықтың қысымға ұшырағаны туралы мәселе көтерген белсендіні қолдауға келгендер сот залына сыймай кейбірі дәлізде тұрды.


Сотта төрағалық еткен - Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық №2 сотының Меделбаев Нұржан Асанұлы. Мемлекеттік айыптаушы, Алматы аудандық бөлім прокуроры - Мамытханов. Және адвокат - Айман Омарова.


Тергеу орындары Серікжан Біләшқа Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша (174-баптың 1-бөлігі) айып таққан. Бұл бап бойынша екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Серік Біләштің адвокаты Айман Омарова қылмыстық істің Алматы қаласының аумағында болғанын дәлелдей келе, істің Нұр-Сұлтан қаласында қаралуын заңсыз деп есептейтінін айтты.


Сағат 12:40-та сот шешімі шығып, процесс Алматы қаласы Әуезов аудандық сотына берілді. Енді Серікжан Біләш өзінің тұрғылықті мекен-жайына Алматы қаласы Ақкент ауданында үй қамақта отыратын болады.

скачать dle 12.0
Фото авторы : azattyq.kz
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2019
25.07.2019
19.07.2019
15.07.2019
18.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930